НАТО ядролық жаттығулар өткізеді

Бүгін НАТО-ның тұрақты ядролық жаттығулары басталады. Оған батыстың 14 елі қатыспақ.

Бельгия, Солтүстік теңіз және Ұлыбританияның әуе кеңістігінде 60-қа дейін ұшақ, оның ішінде бомбалаушы ұшақтардың оқу-жаттығу ұшулары орындалады. Альянстың жоспарына сәйкес жаттығулар Еуропада орналасқан ядролық бомбаларды шартты түрде қолдануды пысықтайды. НАТО өкілдері шараның Украина төңірегіндегі ахуалға еш қатысы жоқ екенін айтты. Ал бельгиялық телеарналарда жаттығуға қатысатын ұшақтардың біреуі де Ресей аумағына жоламайтынын хабарлады. Оқу-жаттығу 30 қазанға дейін жалғасатын болады.