Бельгиялық студент қазақ тілін өз бетінше үйреніп жүр

Бельгиядағы жоғару оқы орындарының бірінің студенті осымен төрт жыл ешқандай курсқа бармай-ақ, өз бетінше қазақ тілін оқып үйреніп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас жігіт бұл ісінде айтарлықтай жетістікке жеткен. Сөйтіп, бүгінде қазақтармен емін-еркін сөйлесе алады.

Стейн Ромбоут, «KU Leuven» университетінің студенті:

- Мен таңғалдым, өйткені қазақтар көптеген адамға қарағанда өте ерекше. Олар

қазақтар сияқты қонақжай емес.

Бұл – Бельгиядағы KU Leuven университетінің үшінші курс студенті Стейн Ромбоут. Ол 2018 жылы анасымен бірге Қазақстанның оңтүстігіне турист ретінде барып қайтқан. Жергілікті тұрғындардың қонақжайлығына тәнті болған бельгиялық қазақ тілін өз бетімен оқып үйренемін деген мақсат қояды. Қазақшасының деңгейі әзірге ойдағыдай емес. Дегенмен жас жігіт оны жетік меңгере алатынына сенімді. «Болашақта Қазақстанға тағы да сапар шексем», – дейді.   

Стейн Ромбоут, «KU Leuven» университетінің студенті:

- Мен басында YouTube  желісі арқылы қазақша үйрендім, бірақ тек қарапайым сөздерді үйрендім. Бірақ содан кейін мен қазақша жақсырақ білгім келді. Сондықтан мен қазақ тілінің оқулығын қолдандым. Кітаптың аты – «Colloquial Kazakh», ағылшын тілде жазылған, бірақ қазақ грамматикасың өте жақсы түсіндіреді. Бірақ бір кітап жеткілікті емес, тек грамматиканы ғана емес, жаттығу да өте маңызды. Сондықтан мен онлайн қазақтармен сөйлестім. Осылайша, мен қазақ тілімді жақсарта алдым.

Стейн жаңа сөздерді тез жаттау үшін ұялы телефонында арнайы сөздік құрған. Бүгінде онда қазақша 2,5 мыңға жуық сөз бар. 

Стейн Ромбоут, «KU Leuven» университетінің студенті:

- Қазақстан туралы көбірек білгім келеді, мәдениеті, тағамдары туралы. Бірақ Бельгияда тек бір қазақ досым бар. Онымен бірнеше күн бұрын таныстым. Ол менің университетімде оқиды.

Стейн: «Қазақстанда кемі бір жыл тұрсам», – дейді. Өйткені жылдың төрт мезгілін де тамашалағысы келеді.

Стейн Ромбоут, «KU Leuven» университетінің студенті:

- Қазақстанға бару – бұл менің тандауым. Өйткені мына жерде көп адам Испанияға, Италияға барғысы келеді, бірақ мен көбісі біле бермейтін елге барғым келеді. 

Стейн уақытты босқа өткізбей, аудармашы не ағылшын тілінің мұғалімі секілді пайдалы іспен де айналысуды армандайды.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов