Францияда қымбатшылық қысып барады

Францияда қымбатшылық қысып барады

Франция кәсіподақтары бүгін елде жаппай шеру өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың басты талабы – жалақыны өсіру. Акцияға көбінесе қоғамдық көлік секторы, білім және денсаулық сақтау салаларының жұмысшылары қатысып отыр. Мұнай компанияларының да қызметкерлері қосылған.

Айта кетейік, мұндай шерулер елде бірнеше апта қатарынан өтіп жатыр. Халық инфляцияға, қымбатшылыққа қарсылық білдіруде. Бұдан  бөлек, жергілікті тұрғындар қоршаған ортаны қорғау  мәселелерін де көтереді.