Rolls-Royce алғашқы электрмобилін жасап шығарды

Люкс санатты көліктер өндіретін Rolls-Royce алғашқы электрмобилін жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қуат көзінсіз 515 шақырым қашықтықты еңсере алады. Темір тұлпар келер жылдың соңында жаппай сатылымға шығарылуға тиіс. Жанармаймен жүретін көліктен ауаға бөлінетін зиянды заттар парниктік газдардың негізігі көзі саналады. Осыған байланысты кейінгі уақытта климаттың өзгеруі туралы көп айтылып, әлем елдері электрмобильдердің өндірісін арттырып жатыр. Былтыр әлемде 6,5 млн-нан аса осындай көлік сатылған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Торстен Мюллер-Отвос, Rolls-Royce Motor Cars бас директоры:

- 1900-шы жылдары Rolls-Royce компаниясының негізін қалаушылардың бірі Чарльз Роллс көліктің жанармаймен емес, электр энергиясымен жүргені

дұрыс деген. Ең бастысы, оны қуаттауға қатысты мәселе шешілу қажетті туралы айтқан. Сол уақыттан бері қаншама жыл өтті. Енді міне, бүгін Ролсстың айтқаны келіп отыр.