Египетте климаттық конференцияға дайындық жүріп жатыр

Египеттің Шарм-аль-Шейх қаласында өтетін COP 27 Климаттық конференциясының басталуына екі апта қалды.

Қазір дайындық қызу. Шаһарда күн электр станциялары орнатылып, жасыл сутегі өндірісі қалпына келтіріліп жатыр. Жергілікті билік халықаралық қауымдастықтың назарын климаттың өзгеруінен келетін зиянға осылайша аудармақ. Саммит қарашаның 8-і басталады. Оған 90 мемлекеттің өкілдері қатысады. Жиында азық-түлік қауіпсіздігі мен жаңартылатын энергия көздеріне қатысты мәселелер талқыланады деген жоспар бар.