Филиппинде Оңтүстік Кореяның жолаушылар ұшағы қонар кезде ұшу алаңынан шығып кетті

Филиппинде Оңтүстік Кореяның жолаушылар ұшағы қонар кезде ұшу алаңынан шығып кетті

Оқиға Себу аралындағы әуежайда болды.

Төтенше жағдай кезінде ұшақ бортында 11 экипаж мүшесі мен 162 жолаушы болған. Бірақ олардың ешбіреуі жапа шекпеген. Әуе кемесі ұшу алаңына 2 рет келіп қонбақ болғанмен, белгісіз себептерден тоқтай алмай көкке көтеріледі. Тек үшінші рет әзер дегенде жерге түскенмен, алаңнан шығып кетеді. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр.