Польша шекарада қабырға тұрғызады

Польша шекарада қабырға тұрғызады

Польша Ресейдің Калининград қаласымен арадағы шекараға тосқауыл тұрғызуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел билігі қазір осы мәселені қарастырып жатыр. Бұл туралы билеуші партияның бас хатшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, шекарадағы бөгет Африка мен Азиядан ағылған мигранттарға тосқауыл үшін қажет. Өз кезегінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Польшаның бұл бастамасына ешқандай кедергі жасамайтындарын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Польша Беларусьпен арадағы шекарада биіктігі 5,5 метр болатын кедергі орнатқан еді.