Венесуэлада лай көшкінінен ондаған үй қирады

Венесуэлада лай көшкінінен ондаған үй қирады

Венесуэла астанасы Каракаста толассыз жауыннан лай көшкіні жүріп, жүздеген адам баспанасыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жотадан аққан лай батпақ оннан астам үйді тасталқан етті. Тағы 60-қа жуық ғимарат бүлінген. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат жоқ. Қазір көшкін жүрген аудандарда құтқару жұмыстары жүріп жатыр.