Илон Маск «Твиттерді» сатып алды

"Тесла" компаниясының негізін қалаушы Илон Маск "Твиттер"  әлеуметтік желісін әйтеуір сатып алды.

Америкалық кәсіпкер ол үшін 44 миллиард доллар төледі. Келісімнен кейін компанияның бұрынғы басшылығы қызметтерінен кетті. Илон Маск "Твиттерді" сатып алатыны жайлы көктем айында жариялаған болатын. Бірақ соңынан желіде боттар мен жалған аккауанттар туралы мәліметтердің жоқтығын айтып, оны алудан бас тартады. Осыдан кейін компания басшылығы Маскты сотқа берген еді. Содан осы айда миллиардер тексеру тоқтатылса әлеуметтік желіні бастапқы ұсыныспен сатып алуға дайын екенін мәлімдеген еді.