Британияда миграциялық орталыққа шабуыл жасалды

Ұлыбританияның  миграциялық орталығына белгісіз біреу шабуыл жасады.

Оқиға Дувр қаласында болды. Қаскөй ғимаратқа бірнеше  жарылғыш зат лақтырып ізін суытқан. Кейін жақын маңдағы жанармай құю бекетіне тоқтап, өз өзіне қол жұмсады. Билік өкілдерінің айтуынша соңғы кездері аймақта заңсыз мигранттардың саны күрт артып кетті. Олар Ла-Манш арқылы өтіп Біріккен Корольдікке табан тірейді. Енді саясаткерлер ушыққан мәселені шұғыл қолға алу керек деп дабыл қағып отыр.   Айтуынша заң қатаңдатылмаса жағдай одан бетер қиындай түседі. 

Натали Элфик, Парламент мүшесі:

- Елде миграциялық дағдарыс жыл өткен сайын ушығып барады. Өткен сенбі күні ғана Франциядан Ұлыбританияға мыңға жуық мигрант кірді. Бұл мәселені премьер-министрдің өзі қолға алуы тиіс деп ойлаймын. Дереу әрекет етуіміз керек.