Ливанда тырысқақ дерті өршіп тұр

Ливанда тырысқақ дерті өршіп тұр

Ливанда тырысқақ дерті өршіп тұр. Инфекцияны жұқтырғандардың қатары 1400-ден асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында балалар да бар. Соңғы бір айдың ішінде 17 науқас көз жұмды. Бебнин қаласында дендеген ауру енді Бейрутке де жеткен. Жағдайдың ушығуына байланысты аймаққа тырысқақ дертіне қарсы вакцина жеткізіле бастады. Жуырда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Ливанға 600 мың доза вакцина жөнелтетінін мәлім етті. Өткен айда тырысқақ дерті көрші Сирияда да  анықтала бастаған. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы инфекция алдымен Ирак, Иран мен Ауғанстан арқылы тарағанын айтады. Жергілікті дәрігерлер болса, ауруды дер кезінде тоқтатпаса, эпидахуал тым тез асқынып кетуі мүмкін деп дабыл қағып отыр.