Бангладеште ішкі миграция күшейді

Бангладеште климаттың өзгеруінен миллиондаған адам баспанасынан айырылып, ішкі мигрантқа айналу қаупі күшейді.

Бұған толассыз жауын мен су тасқыны себеп. Өйткені ой-паңды жерде орналасқан елде, ауа райының өзгеруінен табиғат апаттары жиілеген. Жергілікті тұрғындар  жағдай, әсіресе, жаңбырлы маусым кезінде күрделеніп кететінін айтады. Ал Дүниежүзілік банк сарапшылар 2050-ші жылға қарай 170 миллиондай тұрғыны бар Бангладеште 20 милиион адам климаттық босқынға айналуы мүмкін деп отыр.

Шарифа Бегум, тұрғын:

- Менің үйімді тасқын 4 рет шайып кетті. Қазір тағы баспанамызды тастап басқа жерге көшкелі жатырмыз. Жыл сайын табиғат апатынан көп зардап шегеміз. Үкімет мәселеге көңіл аударып көмектеспесе дағдарыстан шыға алатын түріміз жоқ.