Еуроодақ Украинаға электр энергиясымен көмектеспек

Бұл туралы Брюссельде Еурокомиссия өкілі Тим Макфи мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Украинаның энергия жүйесі Еуроодақ желісіне бірнеше ай бұрын қосылған. Шара осы елден ортақ аймаққа энергия жеткізу үшін қолға алынған еді. Енді Брюссель зымыран шабуылынан зардап шеккен Украинаның электр жүйесін қалпына келтіруге көмектесуді көздеп отыр. Осы мақсатта Киевке қосымша қаржылай және техникалық қолдау білдіру қарастырылып жатыр.

Тим Макфи, Еурокомиссия өкілі:

– Украинаның энергия жүйесі Еуроодақ желісіне осы елде қарулы қақтығыс басталған соң қосылған болатын. Кейінгі айларда біз бір-бірімізге біраз энергия тасымалдаған едік. Ал соңғы жағдайларға байланысты Еуроодақ Украинаға қажетті электр энергиясын жеткізуге дайын.