Бейжіңде дәстүрлі марафонға дайындық жүріп жатыр

Бейжіңде дәстүрлі марафонға дайындық жүріп жатыр

Коронавирус індеті басталғалы тоқтап қалған ауқымды шараға биыл 26 мыңнан аса спортшы қатыспақшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ дертке байланысты тәртіп қатаңдатылған. Жаңа ережеге сай спортшылар шараның алдында үш күн бойы ПТР-тест тапсыруы тиіс. Осымен қатар дене ыстығы мен шетелге сапары жайлы анықтаманы толтыру міндетті. Бейжің марафоны биыл осымен 40-шы рет өткізілгелі отыр. Ол алғаш рет 1981 жылы ұйымдастырылған болатын.