БҰҰ Илон Маскке хат жолдады

Біріккен Ұлттар Ұйымы "Твиттердің" жаңа қожайыны Илон Масктен әлеуметтік желіде адам құқықтарын сақтауға шақырды.

Кәсіпкерге бұл мәселе туралы хатты ұйымның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк жолдады. Ол онда азаматтардың жеке өміріне қол сұқпаушылық құқығын сақтап, сөз бостандығын шектемеуді сұраған. Ал Тюрктің Маскке хат жолдауына кәсіпкердің жақында бірлестік қызметкерлерінің тең жартысын қысқартуы себеп.