Колумбия мен Венесуэла арасындағы рейстер жанданды

Осы аптада Колумбия мен Венесуэла арасындағы коммерциялық рейстер қайта жандана бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші ұшақ Богота халықаралық әуежайынан шығып, Венесуэланың Ла-Гуайра қаласына қонды.

Айта кетейік, екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасы Колумбияға жаңа басшы келгелі қайта қалпына келе бастаған. Көршілес мемлекеттердің саяси байланысы осыдан үш жыл бұрын 2019 жылы үзілген еді. Ал екі мемлекет арасындағы рейстердің ұшуы пандемия басталғаннан кейін толықтай тоқтатылған болатын.