Германияда азық-түлік 20% қымбаттады

Германияда инфляцияның жаңа рекорды орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті статистика бюросының мәліметінше, қазан айында өмір сүру деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 10,4% қымбаттаған. Оның басты себептерінің бірі ­– Украинадағы қарулы қақтығыс, энергоресурстар мен азық-түліктің қымбаттауы. Дүкендерде етпен бірге жеміс-жидектердің де бағасы өскен. Жұмыртқа мен сүт өнімдерінің құны 30%-тен 20% шарықтаған. Электр энергиясының құны 43% көтерілген. Үкімет газ бен жарық бағасын шектеуді көздеп отыр. Тұрғындар мен компаниялардың шығындарын өтеуге көмектесу жоспарланып отыр. Бұған жалпы 200 млрд еуро бөлінбек.  

Моника Шнитцер, Үкіметтік тәуелсіз экономикалық кеңесшілер тобының басшысы:

- Германияда қазан айында инфляция 10,4% құрады. Бұл – 1950 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Келесі жылы 7,4% жетуі мүмкін. Ал елдің ішкі жалпы өніміне келетін болсақ, үшінші тоқсанында коронаирус індеті таралған деңгейден асты.