АҚШ пен Қытай басшылары Индонезияда келіссөз жүргізеді

АҚШ пен Қытай басшылары Индонезиядағы «Үлкен жиырмалық» саммитінде келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы президент Джо Байден Камбоджадан Индонезияға аттанар алдында мәлімдеді. Кездесуде Ақ үй басшысы екі ел арасындағы мәселелерді талқылауға ниетті. Байден Тайвань мен Солтүстік Кореяға қатысты мәселені де көтеретінін ашық білдірді. Вашингтонның пайымынша АҚШ пен Қытай үлкен бәсекелес елдер болғанмен, бұл текетірес немесе қақтығысқа ұласпауы тиіс дейді.