Германияда 300-ге жуық неміс компаниясы банкротқа ұшырауы мүмкін

Бұл турасында Focus ақпараттық баспасөзі хабарлайды.

Инфляция салдарынан елде әр оныншы кәсіпорын қаржылық қиындықтарға тап болған. Ағымдағы жылдың наурыз айымен салыстырғанда осы қарашада, банкрот алдында тұрған компаниялар саны 16 пайызға өскен. Бұған инфляциядан бөлек, электр энергиясы құнының шарықтауы себеп. "Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік жағдайының күрт нашарлауы адамдарды үнемдеуге итермелейді", - дейді сарапышылар. Ал бұл елдегі бизнеске ауыр соққы берді.