ЕО табиғат апаттары болған жағдайда көмек қорын құруды ұсынды

Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында өткен саммитте Еуроодақ өкілдері осылай деп мәлімдеді.

Болжам бойынша қаражат экономикалық әл-ауқаты осал елдерге бөлінбек. Бұл әлем елдерінің жасыл энергетикаға көшуін жылдамдатады дейді мамандар. Ұсыныс климат жөнінде өткен конференцияда қызу талқыға салынды. Мәселен кей саясаткерлер қордың қаржыландыруы көбінесе дамыған елдердің есебінен жүретінін алға тартады.