АҚШ Алғыс айту күніне арналған Macy's шеруіне дайындалып жатыр

АҚШ Алғыс айту күніне орай Мэйсис фигураларының шеруіне дайындалуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты шара дәстүр бойынша, бүгін Манхэттенде өтуі тиіс. Алып шарлар көкке осымен 96-шы рет көтеріледі. Ал Мультфильм кейіпкерлерінің фигураларын үрлеуге арнайы 100-ге жуық ерікті тартылып отыр. Шараны тамашалауға 3 млн көрермен келеді деп күтілуде.