Иран үкіметі ШЫҰ құрамына өтуді мақұлдады

Иран парламенті елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылуы туралы заң жобасын мақұлдады.

2005 жылы Ресми Тегеран бірлестіктің бақылаушысы мәртебесіне ие болған. Биыл қыркүйекте Самарқандта өткен саммитте Ислам республикасы оның құрамына өтуге мүмкіндік беретін міндеттемелер туралы меморандумға қол қойды. Сол кезде Беларусьті бірлестіктің толыққанды мүшесі ретінде қабылдау процесі де басталған.