Шетелде нәпақа тапқан үнді азаматтары отанына 100 млрд доллар аударған

Шетелде нәпақа тауып жүрген Үндістан азаматтары биыл Отанына 100 миллард доллар аударған.

Бұл бір жылда жасалған рекордты ақша аударымы. Мұндай мәлімет Дүниежүзілік банктің есебінен кейін белгілі болды. Сарапшылар үнділер жұмыс істейтін АҚШ, Ұлыбритания және Сингапур сияқты дамыған елдерде жалақының өскенін айтады. Жалпы әлем бойынша 2022 жылы мигранттардың үйіне жіберген ақша көлемі 5 пайызға артқан. Мамандар келесі жылы жат жерде жүріп табыс табу қиынға соғады деп қауіптенеді, өйткені 2023 жылы әлемді қымбатшылық жайлап, экономикалық даму тұралауы мүмкін.