Кореяда аз жалақы алатындар шеруге шықты

Оңтүстік Кореяда 5 мың адам шеруге шықты.

Халық ел астанасы Сеулде Ұлттық ассамблея ғимаратының алдына жиналып, ірі көшелермен жүріп өтті. Әуелде бұл шеруді жүк көліктің жүргізушілері бастаған еді. Наразылық шарасы осымен 10 күнге жалғасты. Халық жалақыны өсіруді талап етуде. Шерушілердің айтуынша, олардың айлықтары соңғы 3 жылда өспеген. Бас-аяғы қарсылық акцияға 20 мыңнан астам адам қатысты. Салдарынан жүк жеткізу мүмкін болмай, кәсіпорындар 1 млрд доллардан астам шығынға батты. Ал билік өкілдері жұмысшылар шеруді тоқтатып, қызметіне оралмаса айыппұл төлейді немесе қамауға алынады деп ескертті.