Перу президентіне импичмент жарияланды

Перу президентіне импичмент жарияланды

Парламентті таратпақ болған Педро Кастильо депутаттардың шешімінен кейін бірден қамауға алынған.

Прокуратура бұрынғы мемлекет басшысының үстінен қылмыстық іс қозғады. Оған "елдің тыныштығын бұзды, лауазымын асыра пайдаланды және демократия қағидаттарына қарсы әрекетке барды" деген айыптар тағылған. Кастильо елде комменданттық сағат жариялап, 9 айдың ішінде Ата заңға өзгеріс енгізбек болған. Алайда 130 депутаттың 101-і импичментті жақтап дауыс беріп, оны орнынан алып тастады. Президенттің шешіміне наразылық ретінде Сыртқы істер, Экономика, Әділет, Мәдениет министрлері мен Перудің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі қызметтен кететінін мәлімдеген. Әскер мен полиция да Кастильоға қарсы шықты. Конституцияға сәйкес, мемлекетті басқару құқығы әзірге вице-президентке жүктелді.  +снх

Дина Болуарте, Перудің уақытша президенті:

- Бәріңіз жақсы білетіндей, Педро Кастильо мырза мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды. Бірақ ол әрекеті қолдау таппай, іске аспай қалды. Маған үлкен жауапкершілік жүктеліп тұрғанын сезініп тұрмын. Елдегі барлық саяси күштерді диалогқа шақырамын. Азаматтардың негізгі құқықтарына құрметпен қарай отыра, біз экономикалық өрлеуге аяқ басып, әлеуметтік мәселелерді шешуге ұмтылуымыз керек.