Кореяда қазақстандық сүретшілер марапатталды

Қазақстандық сүретшілер мәдениетке қосқан үлесі үшін марапатталды.

Айткүл Тасмағамбетова, Светлана Цой, Ғалия Мақашева және Виктория Цойға "Азия көшбасшыларының сыйлығы" табысталды.  Суретшілердің туындылары екі ай бұрын Сеулде өткен көрмеге қойылып, жұртты және әділқазыларды тәнтті етті.  Бұл сыйлық білім мен мәдениетке, аймақтық, әлеуметтік дамуға және өзге салаларға үлес қосқан азаматтарға беріледі.

Чан Сун Бэ, Азия көшбасшылар сыйлығының төрағасы:

- Біздің жеңімпаздар Азияның ғана емес, бүкіл әлемнің мәдениетіне, қоғамды көркейтуге үлес қосты. Біз қайталанбас әсер алдық. Корея мен Қазақстан суретшілері арасындағы мәдени байланыс жалғаса беретініне сенемін.

Светлана Цой, Азия көшбасшылар сыйлығының жүлдегері: 

- Кореядағы бірінші көрмеден кейін сурет салу өнерім өзгерді. Мұндай кездесулер өнер адамдары үшін өте маңызды. Ұйымдастырушыларға рахмет айтамын.