АҚШ-Мексика шекарасының маңында төтенше жағдай жарияланды

АҚШ-тың Мексикамен арадағы шекарасында орналасқан Эль-Пасо қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Оған мигранттар нөпірінің толастамауы себеп. Қазір екі арада 2 жарым мың босқын болса, келер аптада 6 мыңға дейін жетеді деген болжам бар. Өйткені 21 желтоқсанда пандемия кезінде енгізілген бұйрықтың күші жойылады. Ол коронавирус таралмау үшін мигранттарға шекара асуға тыйым салатын. Айта кеткен жөн, Орталық Америка елдерінің азаматтары Мексика арқылы АҚШ-қа өтуді көздейді. Олар күннің суығына қарамайды. Далада түней береді.