Украинадан 14 млн тонна астық экспортталды

«Астық келісімі» аясында Украина кемежайларынан 14 млн тонна астық экспортталды.

Кемелер Азия, Еуропа мен Африка елдеріне бидай, жүгері секілді дәнді-дақылдар жеткізген. Тиісті келісім биыл шілденің аяғында бекітілді. Құжатқа сәйкес қарулы қақтығыс салдарынан Украина порттарында жиналып қалған астық әлемнің өзге мемлекеттеріне «қауіпсіз дәліз» арқылы тасымалданады. Келісімге украиналықтармен қатар Ресей тарапы да қол қойды. Ал уағдаластықтың бұзылмауын Түркия мен БҰҰ-ның өкілдері қадағалайды. Қарашаның соңында мерзімі аяқталған құжат 4 айға ұзартылған.