Түркия «Талибан» шешімін сынға алды

Ауған әйелдерінің оқуға түсуіне тыйым салу "мұсылмандыққа да, адамгершілікке де жатпайды.

Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы "Талибан" қозғалысын осылай деп айыптады. Оның айтуынша, бұл шешімнің күші жойылуы керек. Осыдан үш күн бұрын Ауғанстанның жоғарғы оқу орындары әйелдер үшін жабылған еді. Осыдан кейін Кабулда бірнеше шеру өтті. Жалпы былтыр ғана билікке келген «Талибанның» шешімін тек Түркия емес, әлемнің бірнеше мемлекеті қатаң сынға алды.