Чилиде 130 үй өртеніп, екі адам қаза тапты

Чилидің Винья-дель-Мар курорты маңында орман өртеніп, 130 үй тып-типыл жанып кетті.

2 адам опат болып, тағы 30-дайы жарақат алды. Жалын тез өршіп, 150 гектар жерге жайылған. Билік аймақта төтенше жағдай жариялады. Қазір апат ауданында тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр. Мамандар өртті сөндіруге жел мұрша бермей тұрғанын айтады.