Кореяда Хэллоуин мерекесіндегі қайғылы оқиғаға жауаптылар жазаланбады

Сеулдің Итэвон ауданындағы қайғылы оқиғадан екі айға жуық уақыт өтсе де кінәлілер жазаланған жоқ.

Қыспақта қалған құрбандарының саны артып 158 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында 26 шетелдік, оның ішінде Қазақстан азаматы Мәдина Шерниязова бар.  Ата-аналар комитет құрып, кінәлілердің жазалануын талап етіп отыр. Кореяның басқарушы және оппозициялық партиялары ИтэвОндағы апатқа қатысты парламенттік тергеу жүргізуге келіскенімен арнайы комитет тергеуді 5 күн бұрын ғана бастаған. Жұма күні сот полиция бөлімшесінің бұрынғы бастығы мен жедел телефон желісінің басшысын уақытша қамауға алу туралы санкция берді. Олар қайғылы оқиға болған күнгі әрекеттері туралы мәліметтерді бұрмалап, жасырды деген күдікке ілінді. Оқиға болған ЙонсАн ауданының әкімін қамауға алу мәселесі қарастырылуда.