Қытай «Боингке» ұқсас ұшақты сынап жатыр

"Қытай шығыс әуе жолдары" компаниясы осы елдің инженерлері жасап шығарған шағын фюзеляжды ұшақты сынауды бастады.

"Комак Си 919" ( COMAC C919 ) деп аталатын лайнер "Боинг 737" мен "Эйрбас А320" ұшақтарына ұқсайды. Бірлестік жаңа лайнерді қолданысқа енгізбес бұрын 100 сағат ұшырып көрмекші. Шара барысында әуе көлігінің қауіпсіздік жүйелері мен басқа да техникалық тұстары тексерілмек. Егер барлығы сәтті өтсе жаңа ұшақ келесі жылдың көктемінен бастап қолданысқа енгізіледі.