Австралияда егістік жерлер суға кетті

Австралияда егістік жерлер суға кетті

Австралияның оңтүстігінде бөгеттер жарылып, ауылшаруашылық жерлерін су басты.

Қазіргі таңда Мюррей өзенінің бойындағы бірнеше қаланың тұрғындары эвакуацияланды. Онда мыңнан астам үйдің су астында қалғаны белгілі болды. Табиғи апат 200-ден астам кәсіпорынның жұмысын тоқтатты. Сонымен қатар, 4 мың гектар ауылшаруашылық жерін шайып өтті. Алдын ала болжам бойынша 4 мыңға жуық үй су астында қалуы мүмкін.