Иракта мұнай зауыты өртенді

Ирактың Эрбиль провинциясында мұнай өңдеу зауыты өртеніп, екі өрт сөндіруші жарақат алды.

Төтенше оқиға Махмур қаласының маңындағы өндіріс ошағында болды. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Мамандар лаулаған жалынмен бірнеше сағат күресіп әзер сөндірген. Өрт сөндірушілерден басқа жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Апаттың себептері анықталып жатыр.