Нью-Йоркте соққан боран ғимаратты қатырып тастады

Нью-Йоркте соққан боран ғимаратты қатырды.

Мейрамхананың сырты тұтас мұз боп қалды. Бұған келушілер дән риза. Жаңа жыл қарсаңында ертегідегі сарайға тап болдық, дейді олар. Ал 89 адамды жұмыспен қамтып отырған мейрамхана иелерінің ауа райының қолайсыздығы салдарынан қанша шығынға батқаны белгісіз. Ол үшін мұз еруі тиіс. Еске салайық, АҚШ-тың Нью-Йорк штатында қарлы боран соғып тұрғанына 1 апта болды. Дауыл 60-қа жуық адамның өмірін қиды.