АҚШ заңсыз иммигранттармен күресті күшейтеді

АҚШ заңсыз иммигранттармен күресті күшейтеді

АҚШ Латын Америкасы елдерінен заңсыз көшіп келушілерге қатысты күресті күшейтеді.

Ресми Вашингтон Заңға жаңа өзгерістер енетінін мәлімдеді. Мәселен, заңсыз иммигранттарды депортациялау тездетіледі. Сондай-ақ Венесуэла, Гаити, Никарагуа және Кубадан айына 30 мың адамды қабылдау квотасы болады. Квота штаттарға заңды түрде көшіп келгендерге, шақыру бойынша және құқық қорғау органдарының рұқсатымен кіргендерге ғана тиісті болады.