Өзбекстанда дәріден уланып өлген балалардың саны 20-ға жетті

Олардың барлығы Үндістанда жасалған жедел репираторлық-вирустық инфекцияға қарсы препаратты қабылдаған. Қазір көрші елде бұл оқиғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеру барысында дәріден қауіпті зат – этиленгликоль табылған. Осыған байланысты  Өбекстанда үндістандық фармацевтикалық компанияның өзге де препараттарының сатылымы тоқтатылды.