Бангладеште күн күрт суытты

Бангладеш астанасы Даккада тұмау және пневмониямен ауырғандар қатары артты. Өйткені мұнда күн күрт суытып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жағдайдан әсіресе қарттар мен үй-жайы жоқ азаматтар жапа шегіп отыр. Себебі көбінде жылы киімі мен көрпелері жоқ. Ауа температурасының төмендеуімен қатар, қаланы қалың тұман тұмшалаған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жергілікті әуежайда рейстер кейінге шегерілді. Бұған дейін осы Бангладешпен көршілес Үндістанда да күн күрт суытқан еді.  

- Біз сияқты үй-күйі жоқ кедей адамдарға обал болды. Бізде не жылы киім жоқ, не тойып тамақ ішпейміз. Жағдайымыз ауыр. Бізге көмек көрсетілсе ғой.