Косовоның Штрпце қаласында шеру өтті

Косовоның Штрпце қаласында шеру өтті

Косовалық сербтер де Штрпце қаласында наразылық шарасын өткізді.

Оған өткен аптада осы қалада болған оқыс оқиға түрткі болды. Ол кезде Косово қауіпсіздік қызметінің өкілі екі сербті атып жаралаған еді. Осыдан кейін этникалық сербтер жергілікті биліктен өздерінің қауіпсіздігін жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етуді сұрап отыр. Оқиғаға байланысты күдікті қамауға алынып, тергеу басталған. Өткен айдың бас кезінде Косовоның солтүстігінде ахуал ушығып, шиеленіс жақында ғана бәсеңдеген болатын.