Британия ғарыш аппараттарын ұшыра алмады

Ұлыбританияның тұңғыш рет өз аумағынан орбитаға ғарыш аппараттарын ұшыруы сәтсіз аяқталды.

Оларды көкке америкалық Virgin Orbit компаниясының "Боинг-747" ұшағына бекіткен зымыран тасығышы алып шығуы керек еді. Бірақ ол ұшақтан бөлініп аспанға көтерілген кезде апатқа ұшырады. Сөйтіп, ондағы 9 жерсерігі кеңістікке жеткізілмеді. Ұшақтың өзі Корнуоллдағы айлаққа аман-есен оралды. Virgin Orbit  компаниясы осы зымыран тасығышты алғаш рет 2020 жылы ұшырып, сынақтан өткізген еді.