Ыстықкөлге мұз қатып жатыр

Ыстықкөлге мұз қатып жатыр

Бұл Қырғызстанда ауа температурасының күрт төмендеуімен байланысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әдетте қыстың күні де мұз қатпайтын Ыстықкөлде болып жатқан табиғи өзгерістер жергілікті билікті алаңдатып отыр. Тұрғындар да мұндай өзгерісті бұрын-соңды көрмеген.

Еске салайық, Ыстықкөл әлемдегі 7-ші терең көл саналады. Ал, көлемі бойынша – 10-шы, тұздылығы бойынша Каспийден кейінгі – 2-ші орында.

Таалай Орозақұнов, тұрғын:                                                     

- 14 қаңтарда көл қатып қалды. Кейбір жерлерде мұздың қалыңдығы 1,5 метрге жетті. Олар қазір жарылып жатыр. Біз, жергілікті тұрғындар, мұндай нәрсені ешқашан көрген емеспіз. Бұл жаңалық болды.