Эквадорда жұрт жанартаудан жасырыну жөнінен жаттығу өткізді

Эквадордағы Котопакси жанартауының оянуына байланысты жақын жатқан мекендердің тұрғындары оқу-жаттығу өткізе бастады.

Адамдар дабыл үнімен арнайы орындарға жасырынып үйренді. Себебі отты тау өткен жылдың қазан айынан қозғалып, күл шаша бастаған. Котопакси Эквадор астанасы Кито қаласынан 50 шақырымдай жерде орналасқан. Ол қазір әлемдегі ең белсенді жанартаудың бірі саналады.

Хосе Чуки, жергілікті тұрғын:

- Жанартаудың ояна бастауы алаңдатады. Сондықтан ол аяқ астынан атқылай қалса абдырап қалмас үшін өзіміз оқу-жаттығу өткізіп, дайындалып жатырмыз. Өйткені  бірнеше айдан бері күл шашып жатса да жергілікті билік әлі ешқандай шара қолға алған жоқ.