Рафаэль Гросси: Ұйым үшін ең маңыздысы – Украиндағы АЭС қауіпсіздігі

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Украинадағы ядролық нысандардың қалыпты жұмыс жасауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын.

Ұйым басшысы Рафаэль Гросси осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, халықаралық құрылымның басты міндеті - атом электр станцияларында апаттың болуына жол бермеу. Украинада қарулы қақтығыс басталған соң Ресей күштері Запорожьедегі атом электр станциясын басып алып, ондағы жағдай шиеленісіп кеткен еді.