Харьков қаласында кәсіпкерлер жеке меншік бомбапаналар шығара бастады

«Cхов жобасы» атты компания жасаған бункердің ауданы небәрі 17 шаршы метр. Алайда ішінде жуынатын, ас дайындайтын және ұйықтайтын бөлмелер бар. Тіпті шағын ауызүй мен қосалқы бөлімшемен жабдықталған.

Осындай бір баспананы жасауға екі ай кетеді. Мұнан кейін оны жер астына орнатып, үстін темірбетонмен бекітеді. Ондағы су, азық-түлік және электр қуатының қоры үш адамнан тұратын отбасыға бір аптаға жетеді. Бір бункердің бағасы 60 мың доллар шамасында. Украинада әскери қимыл басталмас бұрын Харьков қаласында осындай бағамен екі бөлмелі пәтер сатып алуға болатын.

Александр Чирва, «Схов» жобасының негізін қалаушы:

- Бұл құрылым осы соғыста жиі қолданылатын 152 миллиметрлік калибрдегі ауыр артилерия снарядтарынан сақтап қалады. Ал егер оны тереңірек орнатып, темірбетонын күшейтсе одан да үлкен снарядтар немесе баллистикалық зымырандардан қорғайды.