Түркияда Швецияға қарсы шеру өтті

Бұған қасиетті құранның жағылуы себеп болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразылық шара Ыстамбұлда Швецияның бас қонсулдығының алдында, сондай-ақ Анкарада осы елдің елшілігінің жанында өтті. Түркия билігі келесі аптаға жоспарланған Швеция Қорғаныс министрінің елге сапарын тоқтатты. Бұл сапардың енді «мән-мағынасы жоқ» деп мәлімдеді.

Айта кетейік, сенбіде Стокгольмдегі түрік елшілігінің алдында наразылық шара өткен. Онда оңшылдардың жетекшісі, саясаткер Расмус Палудан мен оның жақтастары Құранды көпшілік алдында өртеп жіберген. Түркия Сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті қатаң айыптады.