Филиппинде су тасқынынан 23 млн доллар шығын келді

Соңғы мәліметке қарағанда, табиғат апатынан елдің 14 аймағы зардап шеккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

39 адам опат болып, 12 тұрғын жарақат алды. 2 мыңдай үй мен 200-ден аса инфрақұрылымдық нысан қирап, бүлінген. 260 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Жүздеген тасжол мен 60-қа жуық көпірді су шайып кетті. Қазір табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр. Кей өңірде төтенше жағдай енгізілген.