Пәкістанда автобус жардан құлады

Пәкістанның оңтүстік-батысында автобус жардан құлап, артынша өртеніп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 41 адам көз жұмды. Тағы бірнеше жолаушы жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші ұйықтап кеткен болуы мүмкін.

Айта кеткен жөн, Пәкістанда жол апаты жиі тіркеледі. Өйткені қауіпсіздік ережелері сақталмайды. Жүргізушілер көлігіне шамадан тыс адам отырғызып алып, жолға шығып жатады.