Қытай билігі коронавирусты емдейтін екі дәріні мақұлдады

Түйіршектер клиникалық тексерістен сәтті өткізілген.

"Сяньносинь" деп аталатын бірінші препаратты Хайнаньдағы фармацевтикалық компания тіркеді. Екіншісі "Миньдэвэй" деп аталады. Оның куәлігін шанхайлық компания иеленген. Естеріңізге сала кетейік, Қытай үкіметі өткен жылдың желтоқсанында тұрғындарды жаппай карантинге жабу саясатынан толық бас тартқан болатын. Осыдан кейін елде ауру-сырқау бірден көбейді.