Түркия табиғи газ импортына сұранысты биылдан бастап төмендетуге ниетті

Ел билігі бұл мәселе наурызда Қара теңізде іске қосылатын кен орны арқылы шешіледі деп топшылап отыр.

Түркия 2030 жылы ішкі газ сұранысының жартысынан көбін отандық өндіріс ошақтары арқылы өтеуді жоспарлап отыр. Елдің энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез «Энергетикада Түркия дәуірі» саммитінде осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, шамамен 3 жылдан кейін газ өндіру 15-16 млрд текше метрге жетеді. Бұл – Анадолы жерінің көгілдір отынға деген сұранысының 25%-ті.

Фатих Дөнмез, Түркия энергетика және табиғи ресурстар министрі:

- Қара теңіз газы қазіргі қорымен 30 жылдық қажеттілікті қанағаттандыра алады. Жаңа кен орындары ашылған соң мерзімі де ұзарып отырады. Табиғи газды тасымалдау, тарату және сақтау жұмыстары кемінде 50 жыл немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін. Жаңартылған энергия көздері, сол сияқты әрбір нысанның пайдалану мерзімі кемінде – 30-35 жыл.

Түркия табиғи газды сыртан тасымалдау тәуелділігін Қара теңізде табылған отын қоры арқылы азайтуға ниетті. Мұнай және газ кен орны өндірісі наурыз айында іске қосылып, 30-40 жылға дейін бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Түркия Энергетикалық стратегиялар және саясат зерттеу орталығы директорының сөзінше, елдегі энергия импорты тамшылығы жаңа кен орындары жұмысы арқылы  қанағаттандыралады.

Оғузхан Акйенер, Түркия энергетикалық стратегиялар және саясат зерттеу орталығы директоры:

- Қара теңіздегі мұнай-газ қоры 710 млрд текше метр шамасында. Өндіріс кезең-кезеңімен жалғасады. Алғашқа этапта жалпы тұтынудың 10%-ін алмастыратын тәулігіне 10 млн текше метр өндіру көзделген. Осылайша, мемлекет айына 1 млрд доллар үнемдей алады – шығындар 9 млрд-тан 8 млрд долларға дейін қысқарады. Ағымдағы жылдың наурыз айына жоспарланып отыр. Одан кейін 40 млн текше метр табиғи газ өндірісі күн тәртібінде. Оны 2027 жылы жүзеге асыру жоспарланған.

Түркияда мамыр айында жалпыхалықтық сайлау өтеді. Наурызда іске қосылатын мұнай және газ кен орны биліктегі Ердоғанның саяси додадағы үлесін арттырмақ, - дейді мамандар. Жалпы ел табиғи газдың 99%-ін шетелден импорттайды. Қазіргі уақытта Түркияға негізгі газ жеткізушілердің бірі 44%-і Ресейден тасымалданады. Одан кейінгі үштікті Әзірбайжан, Алжир мен Иран иеленіп тұр.