Чилиде 18 тонна сыра тиелген жүк көлік апатқа ұшырады

Чилиде 18 тонна сыра тасымалданған жүк көлігі апатқа ұшырады.

Оқиға ел астанасы Сантьягода болды. Сыра құтылары тиелген жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған. Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ. Бірақ тасымалдаушы компания біраз шығынға батса керек. Өйткені жолда шашылып жатқан сыра құтыларын көрген жұрт тегін олжаға кенеліп қалуға тырысқан.